Төлем балансы жайлы сұрақтар мен жауаптар
Ұлттық Банк елге кіретін және одан шығатын экономикалық ағындарды қалай санайды
Төлем балансы деген не?
Төлем балансы – бұл елге кіретін және одан шығатын экономикалық ағындар туралы есеп.
Бұл орайда экономикалық ағындар операциялардың 4 түрін қамтиды:
- тауарлармен – экспорт және импорт,
- қызметтермен – экспорт және импорт,
- кірістермен – басқа елдерден алынатын және басқа елдерге төленетін,
- капиталмен – Қазақстанға басқа елдерден келетін және Қазақстаннан кететін.
Басқаша айтқанда, төлем балансы Қазақстанның әлемнің қалған бөлігімен, яғни резиденттердің бейрезиденттермен, ағымдағы және қаржылық қатынастарын көрсетеді. Ол белгілі бір уақыт кезеңіндегі деректерді қамтиды – тоқсан, жарты жыл, жыл.
– Төлем балансы неліктен маңызды?
Төлем балансын меңгере отырып,
– Төлем балансы неден тұрады?
Төлем балансы үш компоненттен құралады:
- ағымдағы шот,
- қаржылық шот,
- капитал шоты.
– Төлем балансының ағымдағы шоты деген не?
Ағымдағы шот – келесідей ағымдағы операцияларды ескеретін төлем балансының бөлігі: тауарлар экспорты мен импорты, қызметтер экспорты мен импорты, резиденттердің шетелде алынатын кірістері, сонымен қатар бейрезиденттердің Қазақстанда алатын кірістері.
Осылайша, төлем балансының ағымдағы шоты – бұл сауда балансының, қызметтер балансының және кірістер балансының жиынтық сальдосы.
«Экспорт экспорттық валюталық түсімнің кірісін, ал импорт шетелге төлемдерді тұспалдайтындықтан, экспорт «оң» белгімен, ал импорт «теріс» белгімен белгіленеді. Барлық операциялардың жиынтығы қосылып, нәтижесі ағымдағы шотты береді. Егер нәтиже оң болса, елімізде ағымдағы шоттың профициті орын алады», – деп Төлем балансы департаментінің директоры Азат Өскенбаев түсіндіреді.
Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің экспорты, сондай-ақ Қазақстанның шетелден алатын кірістері елге шетел валютасының түсуіне ықпал етеді, ал тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің импорты, сондай-ақ қазақстандық көздерден алынатын шетелдіктердің кірістері валютаның кетуіне ықпал етеді.
Қазақстан бойынша мысал. Валюта ағыны, негізінен, мұнай, газ және металдар экспортымен қамтамасыз етіледі. Валютаның кетуі, көп жағдайда, әр түрлі импорттық тауарларға (мысалы, автомобильдер, телефондар, тұрмыстық техника, жабдықтар) ақы төлеуге және шетелдік тікелей инвесторлардың табыстарын төлеуге ықпал етеді.
Төлем балансының қаржылық шотында қандай операциялар көрсетіледі?
Төлем балансының қаржылық шоты бойынша қаржы активтерімен – тікелей, портфелдік және басқа да инвестициялармен, оның ішінде шетел валютасымен –операциялар өтеді.
Қаржы шоты Қазақстанның шетелдік активтерге қанша инвестиция салатынын және әлемнің қалған бөлігінен қанша инвестиция алатынын көрсетеді.
– Ұлттық Банк төлем балансын қалай қалыптастырады?
Ұлттық Банк төлем балансын қалыптастыру үшін әртүрлі ақпарат көздерін пайдаланады, мысалы, халықаралық тауар саудасы бойынша статистиканы қалыптастыру үшін Ұлттық статистика бюросы мен Мемлекеттік кірістер комитетінің деректерін, ал қызметтермен сауда үшін өзінің статистика базасын пайдаланады..
Негізінде, ақпарат көздері өте көп. Мысалы, статистикалық есеппен қатар екінші деңгейдегі банктердің есептері де қолданылады.